Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы

Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы

27 қазан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өткізілді. Саяси кеңес Бюросы отырысына аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшелері, БПҰ төрағалары, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: 1."Nur Otan" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы «Күрті», «Казцик» БПҰ төрағаларының есебі. 2. «2020 ж. арналған өңірлік даму» мемлекеттік бағдарламасының Байсерке, Жетіген округтерінде жүзеге асырылуы жайлы «Байсерке», «Жетіген» БПҰ төрағаларының есебі. 3.Аудандық партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу жайлы. Күн тәртіндегі мәселелер бойынша «Күрті» БПҰ төрағасы, округ әкімі Жұмамұратов М.А., «Казцик» БПҰ төрағасы, округ әкімі Оңалбаев Ж.Ч. «Байсерке» БПҰ төрайымы, округ әкімі Тлеукен О.К., «Жетіген» БПҰ төрағасы, округ әкімі Абилев Н.А. атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Жиын барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты және округтерде тұрғындарды жұмыспен қамту, жаңа орындарын ашу т.б. мәселелер бойынша партиялық бақылау комиссиясы тарапынан комиссия құрып, 1 ай ішінде рейд ұйымдастырып, мониторинг жасау ұсынылды. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізіліп, дауыс нәтижесінде бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылай келе «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы қаулылар қабылдады.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы - Yvision.kz