ІІМ пенитенциарлық жүйені реформалау мәселелерін талқылайды
Форумға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық бақылау комиссияларының, ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері қатысты.
Бұндай форматтағы диалог алғаш рет өткізіліп отыр. Форумда адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды ұстау шарттары, Ұлттық алдын ала барулардың қорытындысы бойынша жинақталған баяндаманың ұсыныстары, сондай-ақ пенитенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін мәселелер талқыланды.
Соңғы сегіз жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдардың саны шамамен жартысына азайған, ал дүниежүзілік түрмедегі халықтың рейтингісінде Қазақстан үшіншіден (2000 жылы) 95-ші орынға (2019 жылы) түсті.
Сондай-ақ, министрліктің бастамасымен сотталғандарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру мәселесі пысықталуда. Қазіргі кезде Алматы және Қарағанды облыстарында осы мәселе бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда,- деп мәлімдеді Е. Тургумбаев.
Ішкі істер министріне форум басталар алдында «Еңбек» және «Еңбек-Өскемен» РМК-ның сотталғандардың қолымен жасалған тауарлары мен бұйымдары көрмесі таныстырылды.
Түзету мекемесі базасында құрылған кәсіпорын соталғандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, металл бұйымдары, жиһаз, құрылыс материалдары, тігін бұйымдары шығарады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейді және басқа да тауарлар өндіреді.
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі
