ІІМ адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа баса мән береді
ІІМ адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа баса мән береді
ІІМ-де министр Ерлан Тұрғымбаев Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі) үйлестірушісі, Қазақстандағы, Қырғыз Республикасындағы, Түркіменстан мен Өзбекстандағы миссия басшысы Деян Кесерович мырзамен кездесті.
Кездесу барысында ішкі істер министрі Халықаралық үйлестірушіге Қазақстан мен Орталық Азиядағы миссияның аяқталуына байланысты, сондай-ақ Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІМ-нің Құрмет грамотасын табыс етті.
Екіжақты әңгімелесу кезінде тараптар адам саудасына қарсы күрес және халықтың көші-қоны мәселелері саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі және оған әрқашан дайын екендіктерін білдірді.
Ерлан Тұрғымбаев ІІМ халықаралық ұйымдармен, соның ішінде халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастыққа баса мән беретінін атап өтті. КҚХҰ-мен белсенді байланыс заңсыз көші-қон және адам саудасымен күрес саласында да дамып келеді.
ІІМ мен КҚХҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде Министрлік КҚХҰ аясында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар) белсенді қатысады және бірлескен жобаларды, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл және интернет арқылы адам саудасының құрбандарын тарту әрекеттеріне қарсы өңірлік зерттеулер іске асырылуда.
«Құрбандар интернет арқылы трафиктер желісіне жиі түседі. Біз Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, ел ішінде үлкен зерттеу жүргіздік. Нәтижелерін ІІМ-мен бірлесіп, келесі ведомствоаралық комиссия аясында таныстырылады", - деді Д. Кесерович.
ІІМ-нің және КҚХҰ миссиясының қолдауымен Қазақстанда республикалық «116 16» сенім телефоны жұмыс істейді. Оның операторлары адам саудасы тәуекелдерін болдырмау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып, еңбек көші-қонына байланысты сұрақтарға жауап беруге дайын.
Сондай-ақ, кездесу барысында «Интернет арқылы тартуға қарсы әрекет ету арқылы адам саудасымен күрес» атты үш жылдық өңіраралық жобаның сәтті іске асырылғаны атап өтілді.
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі
