Ихсанов Құжат
Ихсанов Құжат-1926 ж. Тайпақ (Ақжайық) ауданының Базартөбе ауылында дүниеге келген. Қызылжар орта мектебін бітіріп, ұстаздық қызметпен айналысады. 1944 жылдан Қызыл Әскер қатарында Литва, Латвия жерлерін, Кенигсберг, Берлин қалаларын азат етуге қатысады. Ихсанов Құжат- 1945ж. 24 маусымда өткен Москвадағы Жеңіс шеруіне қатысқан ең жас жауынгер.
Әскери қызметті 1950 жылға дейін атқарып, елге оралады. Қырыққұдық, Қурайлысай, Қарауылтөбе ауылдық кеңестерінің төрағасы. Өлеңті, Есенсай, Орал совхоздарында ферма меңгерушісі. Тайпақ мұнай базасының директоры, СССР-дың 50 жылдығы атындағы совхоз директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, 44 жыл еңбек етті.
Ерлігі мен еңбегі тиісінше бағаланып, Қ.Ихсанов "1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы", "Құрмет белгісі" ордендерімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Ерлігі үшін", "1941-1945ж. Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталады.
