«Ихсанов» БПҰ мүшелерімен кездесу өтті
«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жанындағы құрылған штабтың мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Тахир Кадимов, Біржан Қуанәлиев және Берік Ихсанов ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы «Оңтүстік-Шығыс» және «Ихсанов» БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.#ReferendumAMANAT

