Игі істер күні
Мейірімділік пен ықыластылық – қазіргі қазақстандық қоғамның басты құрамдас бөлігі. Ізгіліксіз мықты мемлекет құрып, күшті және табысты ұлт болу мүмкін емес. Павлодарлықтардың ашықтық пен қайырымдылықты көрсете отырып, отандастарымызға көмек пен қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендігі қуантады. Біздің азаматтар – біздің мақтанышымыз. Бүгін Игі істер күні және «Игі істер марафоны» аясында «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеменің пациенттеріне барды. Наурыз мейрамы қарсаңында қарттарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушыларға сыйлық ретінде дене бітімін сақтау және денсаулықты нығайтуға арналған скандинавиялық таяқтар табысталды. Қаланың депутаттық корпусы атынан жиналған қауым алдында Михаил Желнов сөз сөйлеп, зейнеткерлерге зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй және амандық тіледі. _________ Добро и отзывчивость – главные составляющие современного казахстанского общества. Без добра нельзя создать крепкое государство, стать сильной и успешной нацией. И радует, что павлодарцы всегда готовы прийти на помощь и поддержать соотечественников, демонстрируя открытость и милосердие. Наши люди – наша гордость. Сегодня в рамках Дня добрых дел – Игі істер күні и «Марафона добрых дел» депутаты Павлодарского городского маслихата партии «Nur Otan» посетили пациентов медико-социального учреждения общего типа для престарелых и инвалидов. В канун празднования Наурыз мейрамы для пожилых людей была организована насыщенная концертная программа. В качестве подарка участникам были переданы скандинавские палки для поддержания физической формы и укрепления здоровья. От имени депутатского корпуса города к собравшимся обратился Михаил Желнов, он пожелал пенсионерам доброго здоровья, праздничного настроения и благополучия. #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ, #ПАВЛОДАРЕҢМЕЙІРІМДІҚАЛА #ПАВЛОДАРСАМЫЙДОБРЫЙГОРОД
