Human Rights Watch: Қазақстанда адам құқығы сақталуы төмен деңгейде
Ұйым өз есебінде 2017 жылы Қазақстан үшін адам құқығы тұрғысынан өте нашар жыл болғанын қатаң сынға алған. Үлкен әлемдік жиындар өткізумен қатар елде журналистер мен кәсіподақ белсенділеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматтық қоғам өкілдерінің қудалануы айтылған.
Қырғызстан мен Өзбекстан билік ауысыуна байланысты ашылған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, адам құқығы бағытындағы оң өзгерістер жасауы тиіс. Қазақстан, Тәжікстан мен Түркменстан басшыларына 2017 жылы болған саяси қудалаулардың құжаттай күшін жойып, адам құқығын өз саясатының негізгі бөлігіне айналдыруы тиіс.
«Лидерам Кыргызстана и Узбекистана представляется шанс отказаться от ложных правил игры в том, что касается прав и свобод их граждан Қырғызстан мен Өзбекстан басшыларына адам құқығына қатысты жалған ойыннан бас тартып, өңірдегі мемлекеттердің үкіметі репрессивті бағыттан бас тартып, сөз бостандығы мен азаптаусыз тергеуге кепілдік беріп, саяси көзқарас үшін сотталғандарды босатуы тиіс», - дейді ұйымның Еуропа мен Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.
Ал жеке Қазақстан бойынша есеп ЭСКПО-2017, бірнеше раундтан тұратын Сирияға қатысты келіссөз сынды әлемдік жиындардың елде өтуіне қарамастан, елдегі адам құқығы мәселесі ушығып тұрғаны айтылған.
Есеп бірнеше негізгі бағыттарды қамтып, саяси негізде болды деп бағалаған сот процесстері мен азаматтық белсенділерге шабуылдарды қатаң сынға алған. Төменде есептің ықшамдалған аудармасын ұсынамыз.
Азаматтық қоғам
2017 жылдың қаңтар айында «Халықаралық құқықтық бастамалар» және «Либерти» құқыққорғаушы ұйымдарына салық органдары үлкен көлемдегі айыппұлдар салды.
Бейбіт шеру үшін бес жылға бас бостандығынан айрылған Макс Боқаев пен Талғат Аян түрмеде жазасын өтеуде.
Көкшетауда азаматтық белсенді Марат Жанұзақов соққыға жығылды.
Вадим Курамшин де 12-жылдық түрме жазасын өтеуде жалғастыруда.
Билікті сынға алған Наталья Уласик мәжбүрлі психиатриялық емдеу орталығында жатыр.
Сонымен қатар билік діни, ұлттық, әлеуметтік араздық бабын азаматтық белсенділер мен блогелерге қатысты өз ыңғайына орай қолдануды жалғастыруда.
Медиялық шектеулер
Тәуелсіз және оппозициялық журналистерге қатысты қысым жалғасуда.
Мамыр айында Рамазан Есіркеповке шабуыл жасалды.
Қыркүйек айында «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы саяси себептермен сотталды. Басқа жазалармен қатар, оған үш жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйм салынды. Бұл жазаны ЕҚЫҰ өкілі Арлем Дезр сынға алды.
Қазақстан журналистер одағы жетекшісі Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Оның ұлы Әсет Матаев әлі де түрмеде жазасын өтеуде.
Сөз бостандығын шектеуге бағытталған, қоғамдық ұйымдар мен журналистердің наразылығын туғызған заң жобасы қабылданды.
Еңбек құқығы
2017 жылы Қазақстандағы Тәуелсіз Кәсіподақтар конфедерациясы жойылып, кәсіподақ көшбасшылары сотталды.
Лариса Харькованың бас бостандығы шектелсе, Нұрбек Құшақбаев пен Әмин Елеусінов түрмеде жазасын өтеуде.
Бейбіт жиын бостандығы
Қазақстан билігі үкіметке қарсы бейбіт жиындарға рұқсат беруден бас тартуда. Әкімшілікпен келісілмеген бейбіт шерулер полиция күшімен, ұстаулар және әкімшілік істермен аяқталады. Солай, ақпан айында қамаудағы журналист Жанболат Мамайды қолдау митингісін ұйымдастырмақ болды деп үш адам ұсталды. Оның бірі 15 күнге абақтыға жабылды.
Азаптаулар
Алты жыл өткенімен үкімет Жаңаөзен оқиғасы бойынша жа-жақты, сенім ұялататын тергеу жүргізген жоқ.
Дін бостандығы
Ақпарат бойынша ең кемі 22 адам өзінің діни көзқарасы үшін сотталған.
Сонымен қатар, қыздар мен әйел адамдардың құқығы, терроризмге қарсы күрес кезіндегі адам құқығының бұзылуы, гендерлік теңдік сынды маңызды мәселелер әлі де өзекті күйінде екенін айтады.
Хьюман Райтс Вотч Қазақстанның халықаралық серіктестерін елдегі жағдайға ықпал етуі аз болғанын айтып сынап, билікке қарсы сын әлі де төмен деңгейде екенін айтады.
https://bureau.kz/novosti/sobstvennaya_informaciya/human_rights_watch:_kazakstanda_adam_kukugi_saktaluy_tomen_dengeide/
