Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Химиялық құттықтау

«ЕуроХим» компаниялар тобы Қазақстан Республикасындағы химиялық кластерге жататын кәсіпорындардың барлығын және олардың ұжымдарын Химик күнімен құттықтап, жемісті қызмет, көтеріңкі көңіл-күй тілейді.

Кәсіби мереке қарсаңында Жаңатас қаласындағы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС және «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС кәсіпорындарында салтанатты жиналыс өтіп, оның барысында таяу кешекке арналған өндірістік жоспарлар мен қол жеткізілген көрсеткіштер ортаға салынды. Компания ұжымы өндірісті дамытуға қолдау көрсетіп отырғаны үшін Жамбыл облысы әкімдігіне алғысын білдірді. Сол күні компания қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері атап өтілді. Мәселен, «ЕуроХим» компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Жаңатас қаласының тұрғыны, өндіріс бөлімі ауысымының бастығы Олеся Кириченкоға алғыс грамотасы табысталды.

«ЕуроХим» компаниясы Жамбыл облысында Қазақстанның химиялық саласын дамытуға арналған ауқымды жобаны жүзеге асырып жатыр. Бірнеше кезеңдерден тұратын бұл жоба аясында компания қазіргі күні келесі көрсеткіштер бағындырылды:

1-кезең – аяқтап бітірілді, фосфорит кенін өндіру және бастапқы сатыда қайта өңдеу бойынша жобалық қуаттылықтарға қол жеткізілді. Осы кезеңге құйылған инвестиция көлемі 126 млн. АҚШ долларын құрады.

2-кезең – қолданыстық жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр (50%-дан астамы атқарылып біткен), Химиялық кешенді салуға арналған алаңды дайындау мақсатында жер қазу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жабдық жеткізушілерін іріктеуге арналған тендерлік іс-шаралар, сондай-ақ, жабдық жеткізу жөніндегі шарттарды жасасу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда қызмет жасап келе жатқан жылдары ішінде «ЕуроХим» компаниясы 500 жұмыс орнын құрды. Кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлердің 85%-ға жуығы - Жамбыл облысының тұрғындары.

Химиялық кешен құрылысы аяқталған соң, өндірісте 1000-ға жуық адам, сабақтас салаларда 2000-нан аса адам жұмыспен қамтылады.

Компаниялар тобы қысқа мерзім ішінде елеулі өндірістік көрсеткіштерге жетіп, 2017 жылдың наурызында фосфориттік кенді өндіру бойынша 1 000 000 тоннаға тең межені бағындырды. 2018 жылдың ақпанында фосфорит ұнтағының миллионыншы тоннасы өндіріліп, қолданушыларға жеткізілді.

2018 жылдың мамырындағы жағдайға сәйкес компанияның төлеген салық көлемі 11 млрд. теңгеден асты. Жоба жүзеге асырылып жатқан бүкіл уақыты ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа сәйкес 21 млн. АҚШ долларын өңірдің әлеуметтік қажеттіліктері үшін республикалық және облыстық бюджетке аударды.

Компания туралы анықтама

EuroChem Group AG - негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.

ЕуроХим компаниясы 2008 жылы «Сары-Тас» АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеңде зауыттың іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еңбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды. Толығырақ ақпаратты Топтың сайтынан таба аласыз: www.eurochemgroup.com.

0
0
1385

Осы тақырып бойынша

Химиялық құттықтау - Yvision.kz