Хиджаб арабқа тән киім бе?!
Бүгінгі қоғамда қызу талқыға түсіп жатқаны еліміздегі діни ахуал. Соның ішінде Исламды өзінше бұрып "салафизм" , "уахаббизм" деген сынды ағым шығарып алып жатқандары да бар. Мен имам немесе теолог емеспін. Бірақ өзімше ойымды білдіріп көрейін. Ең көп айтылатын да қызу талқыға да түсетіні қыздардың "хиджаб"киінуі деп жатамыз. Біреулердің ойынша ол арабтандырудың арқасында келген киім үлгісі . Енді біршамалары қазақи ұлттық нақышты сақтанып, камзол, бүрмелі көйлек неге кимеске деп жар салады.. Енді бір топ құранда қыз баласы әурет жерлерін жабық ұстауы керек дегені тағы бар. Киім түсіне келетін болсақ қара түс киіп, никяб немесе паранджа киіп алғандар тіптен үрей туғызады. Қасыңа келсе, жарып жіберетін сияқты болып елестейді. Бірақ адамды сырт келбетіне қарап оның осындай иманды немесе иманды емес дегенін қалай айтамыз. Мүмкін ол қоғам ортасында жүріп қырын көзқарастан сақтанып, бәрі сияқты еуропалық үлгіге сай киінетін шығар бірақ іштей Алланың әміріне бағына алмай қалдым-ау деген өкініші де бар.Немесе толықтай Алла разылығы үшін жабық киінгісі келеді. Тағы бір білгіш сымақтар мода үшін қыздар жасына жетпей "кемпір сияқты сөлектетіп ұзын киіп алғаны нес деп сынап тастайды. Не де болса өз ойым жабық киімдерге көзқарасым оң. Елді ұркітпей қара киініп алсамаң да етегін жауып есті қыз болып жүргенге не жетсін. Мәселенің бәрі киімге қайта тірелді. Клубта қыздар жігіттердің назарын аудартып, 1 жылдан соң бала құшақтап отырады. Ал осы клубка "хиджаб" киінген қыздарды көрдіңіздер ме?! Өз басыма жолықпапты. Қазақи дәстүрді ұстанайық деп ұрандап жатқан адамдар неге өз басынан бастап үлкен әжелеріміз өнеге болып, кимешек тақпасқа. Шаштарын сары қылып, тырнағын бояп заманға сай ілесеміз деген "современная әжеге" кимешек, шылауыш бес тиын. Өздері ұзын киіне алмаған соң ұзын киінген қыздарды күндейді келіп. Жігіттер қауымы да "ұзын киінге" қыздарды жар қылып алып жатады. осыдан шығар қорытынды: біреуді жамандап мінін термей-өзіміз жасай алмай жүрген "Аллаға ұнамды" іс- әрекетті жасап жүргендерге демеу болу қажет. Бұл жерде мен ешкімді жамандағым келмейді. Ал сіздің ойыңыз қалай осы турада?
