ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы өтті.
13 мамыр күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Іс шарада партияның облыстық филиалының және Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды.
Конференцияны ашқан облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық конференция алдында жоғары ұйымдастырушылық-саяси деңгейде өткен 241 бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары мен 13 аумақтық филиалдарда конференция өткізілгенін атап өтті.
Жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының ішінде әйелдердің үлесі 33%-ды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 26%-ды құрады.
БПҰ төрағаларының құрамы өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жаңартылды. Төрағалардың 6,2%-ы әр деңгейдегі мәслихат депутаттары болса 6%-ы партиялық резервте тұр.
2019-2020 жылдар аралығында партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Батыс Қазақстан облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, Жол картасын орындауға байланысты алдағы кезеңге партия қызметінің басым мәселелеріне баса назар аударды.
Сондай-ақ, партияның Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың сайланбалы органдары -Саяси кеңесінің, Саяси кеңес Бюросының және Бақылау-тексеру комиссиясының өкілеттігінің мерзімі аяқталғанын атап өтті. Екі жыл ішінде орасан жұмыстар атқарылып, көптеген жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізілген.
Партиядан сайланған облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары үгіт-насихат уақытында жинақтаған аманаттарды біртіңдеп шешуде.
Айта кету керек, қысқа мерзімді және орта мерзімді аманаттардың басым бөлігі 60 пайызы жүзеге асырылды. Шешілмеген мәселелер бойынша депуттар тұрғындар арасында және әлеуметтік желі арқылы да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде – деп өз баяндамасын қорытындылады Мұрат Мұқаев.
Өз сөзін аяқтай келе, облыстық филиалдың төрағасы бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық және өңірлік филиалдарының жұмысындағы негізгі басымдық, сөзсіз, «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әрбір ауданның, қаланың, облыстың Жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініштері мен ұсыныстарын бақылауды ұйымдастыру және мінсіз орындалуын қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Конференция жұмысына Казталов ауданынан сайланған 4 делегат онлайн режимінде қатысты.




