«Халық заңгері» науқанын өткізуге Қазақстанның барлық ірі қалалары дайындық үстінде
22 қараша сағат 17:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан басталатынын хабарлаймыз.
Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады.
Науқанды ұйымдастырушылар – «zakon.kz» интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.
Науқан Орал қаласында келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Қадыр Мырза Әлі атындағы шағын ауданы, 18-үй, Оқушылар және жастар сарайы.
Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі жағынан «Халық заңгері» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.
