ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Халықтың жағдайы басты назарда

Осымен 7-ші рет шақырылып отырған Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек.

​Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өтті.

Ауданымыздың өзінде өткен жылы бірнеше ауылдарда жолдар өңделіп, көшелер жарықтандырылды. Халықтың жағдайын көтеру мақсатында қолдаулар мен көмектер ұсынылды. Алдағы уақытта да осыдан да бөлек игі шаралар жүргізілетініне сенімдімін.

Аудандық маслихаттың депутаты ретінде жауапкершілік пен алға қойған айқын мақсаттарды орындау басты міндетім екенін сезінемін.

Чирков Максим Николайұлы Темір аудандық көркемсурет мектебінің директоры