Халықтың ұтқырлығы аз топтары үшін қала объектілері қолжетімділігінің мәселелері бойынша кеңес
2017 жылғы 4 мамырда Алматы ауданының әкімдігі ғимаратында Астана қаласының Алматы ауданы кәсіпкерлерімен және қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен кеңес өтті.
Осы кеңесте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Б. Омарова «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнамасының нормаларын сақталу тексерістердің нәтижелері туралы» атты баяндама жасады.
Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы И.В. Скуб сөз сөйледі.
