Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні

Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің үкіметтің отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғау бағытында жүргізіп отырған саясаты мен оның нақты жемісін қарапайым халыққа жеткізудегі маңызы ерекше. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің кім-кімге болмасын қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Адамдар бойындағы сенім, мейірім мен әділеттілік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, қызметтеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін Сіздерге мың алғыс дей отырып, бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні - Yvision.kz