Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың...

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, оңалту іс-шараларын орындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша тексерулер үнемі жүргізіледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, спорт, қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсету салаларындағы объектілерде бұзушылықтарды анықтау бойынша 69 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 65 объектіде мүгедек адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан тексерулер жүргізілді. Бұл ретте профилактикалық бақылау шеңберінде 42 тексеру, ал берілген нұсқаманы орындау шеңберінде, сондай – ақ азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген жоспардан тыс 27 тексеру бастамашылық етілді.
Тексеру нәтижесінде 711-ге жуық бұзушылық анықталды, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 48 нұсқама берілді, олардың 10-нан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ерекше қажеттіліктері бар 1500-ге жуық адамның құқықтары қалпына келтірілді, 21 нысанда мүгедек адамдарға қол жетімділік қамтамасыз етілді.
***

Отделом по контролю в сфере социальной защиты населения регулярно проводятся проверки по обеспечению доступа лиц с инвалидностью к объектам социальной и транспортной инфраструктуры, выполнение реабилитационных мероприятий, оказание специальных социальных услуг. Так, по итогам 2020 года проведено 69 контрольных мероприятий по выявлению нарушений на объектах в сферах государственного управления, здравоохранения, спорта, услуг и транспортного обслуживания. В том числе на 65 объектах были проведены проверки на предмет обеспечения доступной среды для лиц с инвалидностью. При этом 42 проверки инициированы в рамках профилактического контроля, а 27 – внеплановые, проведенные в рамках исполнения выданного предписания, а также по обращениям граждан.
В результате проверок выявлено порядка 711 нарушений, выдано 48 предписаний об устранении выявленных нарушений в сфере социальной защиты лиц с инвалидностью и оказания специальных социальных услуг, из которых по 10 наложены административные штрафы на общую сумму порядка 2,9 млн тенге.
В результате проведенной работы восстановлены права порядка 1500 лиц с особыми потребностями, на 21 объекте обеспечен доступ для лиц с инвалидностью.


