Халықтық коалицияның Түркістан облыстық штабы үгіт-насихат жұмыстарын күнделікті қызу
тұрғын сайлауалды бағдарламамен танысты.
Мәселен, Арыс қаласындағы штаб мүшелері "Қызмет-Сервис-Арыс" ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесті. Еңбек адамдарына еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді.
Сенімді өкілдер Сайрам ауданындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын қызметкерлеріне бағдарламадағы басымдықтарды түсіндірді. Одан бөлек, Созақ пен Жетісай ауданында ұстаздармен кездессе, Мақтааралда шалғай елді мекендерді аралап, тұрғындарға насихат жұмыстарын жүргізді.
Сарыағаштағы сенімді өкілдер "Алтын бұлақ" ЖШС кәсіпкерлеріне сайлауалды бағдарламаға сәйкес көрсетілетін қолдаулар туралы мәлімет берді.
Тиімді кәсіпкерлік бағыт арқылы мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға азайтылатындығын айтып, мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілердің өнімдеріне басымдық берілетіндігін жеткізді.
Жалпы, өңірдегі үгіт – насихат жұмыстары барлық аудан, қалада кестеге сай өтіп келеді.
#TOQAEV2022
