Халықты хабардар ету – Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі

Азаматтарды ақпараттандыру және заңдылықты сақтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаментімен мемлекеттік қызметке түсушілер үшін жадынамалар әзірленді.

Жаднамада жалпы конкурста қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, конкурс өткізу ережелері және қатысушылар мен кандидаттардың құқықтары бойынша ақпарат көрсетілген. Сонымен қатар кітапшада Департаменттің байланыс деректері және ресми интернет-ресурстың электронды мекен-жайы көрсетілген.
Жаднама тарату әкімшілік мемлекеттік қызметке түсі үшін тесттілеуден өтетін азаматтарға тұрақты негізінде жүргізіледі.
