Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Халықтың қауқары аз топтары үшін ғимараттардың қолжетімділігін бақылау

2021 жылға арналған профилактикалық бақылау және қадағалау жоспарын орындау шеңберінде Департамент "Глебовка ауылы әкімінің аппараты" ММ-де, "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік мәніне тексерулер жүргізді.

Тексеру жүргізу барысында объектілерде мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз қол жеткізу жағдайлары жасалмағаны анықталды: орнатылған пандустың бойлық еңісі сәйкес келмейді, кіре берісте талап етілетін тұтқалар жоқ, көтергіш құрылғы жұмыс істемейтін күйде болған, ғимарат ішінде де, сыртында да ақпараттық құралдар жоқ.

Тексеру нәтижелері бойынша субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жоюдың белгіленген мерзімдері бар нұсқамалар енгізілді.

Аталған мерзімде Департамент берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша тексерулер жүргізетін болады.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша, Департамент Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2021 жылға бейімдеу жоспарланған, Денисов ауданының объектілеріне пост бақылау жүргізді.

Мониторингпен 13 объект, жоспарлы мәнінде 20 объект қамтылды.

Мониторинг нәтижелері бейімдеу бойынша сапасыз жүргізілген жұмысты көрсетті, құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкессіздігі анықталды.

Осылайша, пост бақылау қорытындысы бойынша бірде-бір объект толық бейімделмеген деп танылды. Мониторинг қорытындысы шаралар қабылдау үшін аудан әкімінің атына жолданды.

***

В рамках исполнения плана профилактического контроля и надзора на 2021 год, Департаментом проведены проверки на предмет доступности для маломобильных групп населения в ГУ «Аппарат акима села Глебовка», ГУ «Аппарат акима Денисовского сельского округа».

В ходе проведения проверки установлено, что на объектах не созданы условия беспрепятственного доступа для лиц с инвалидностью: не соответствует продольный уклон установленного пандуса, отсутствуют требуемые поручни на входной лестнице, подъемное устройство находилось в нерабочем состоянии, отсутствуют информационные средства как внутри здания, так и снаружи.

По результатам проверок, субъектам внесены предписания с установленными сроками устранения выявленных нарушений.

К указанным срокам, Департаментом будут проведены проверки по исполнению выданных предписаний.

Кроме того, по поручению Министерства труда и социальной защиты населения РК, Департаментомпроведен пост контроль объектов Денисовского района, запланированных адаптировать на 2021 год в рамках предвыборной программы партии Nur Otan «путь перемен: достойную жизнь каждому!».

Мониторингом охвачено 13 объектов, при плановом значении 20 объектов.

Результаты мониторинга показали некачественно проведенную работу по адаптации, выявлены несоответствия строительных норм и правил.

Таким образом, по итогам пост контроля ни один объект не признан полностью адаптированным. Итоги мониторинга направлены на имя акима района для принятия мер.

0
0
272

Осы тақырып бойынша