Халықтың қамы үшін
Халықтың қамы үшін
Бүгін Әділбек Зайдуллинмен бірге мемлекеттік қызметте және ірі өндіріс компанияларында көпжылдық тәжірибелері бар аға буын өкілдеріне кіріп шықтық.
Менің әріптесім Байдәулет аға Ерғалиев өмірінің көп бөлігін мемлекеттік аграрлық саласына, жер қатынастарына арнаған. 30 жылдай «Светланд-Ойл» ЖШС-нің бас директорының орынбасары ретінде компанияның гүлденуі жолындай ерінбей еңбек етіп келеді.
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру барысында ол бізге халықтың қамын ойлауға жол сілтеді. Соның ішінде, әлеуметтік жағынан қолдаусыз қалған отбасыларды анықтап, тұрақты түрде көмек көрсету үшін халық арасында зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуге кеңес берді.
-Қазақ – өте намысшыл халық, жағдай қанша төмен болса да, ол туралы жар салмайды. Тек мемлекеттік қолдау жеткіліксіз. Сондықтан әлеуметтік жағынан осыл отбасыларын жүйелі қамқорлыққа алып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру қажет, - деп атап өтті Байдәулет аға.
Байдәулет ағаға басшылыққа берген кеңесі мен пайдалы ақпараты үшін алғыс білдірдік.

