Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықпен үгіт-насихат кездесуі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Жанат Шұғаев пен Айгүл Нұркинаның Павлодар ауданының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі онлайн-режимінде өтті.

Зумдағы бейнеконференция барлық ауылдық округтердің активін біріктірді. Алдымен депутаттар ауыл тұрғындарын "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты партиялық сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

Айгүл Қабдушқызы әлеуметтік блоктың басымдықтары туралы хабардар етті, Жанат Рашитұлы ауылдарды абаттандырудағы ауқымды өзгерістер туралы айтты.

- Екі жыл ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында Павлодар ауданында барлық жерде оң өзгерістер байқалады. Жолдарды жөндеу, су құбыры, тұрғын үй құрылысы - қарапайым тұрғындардың өмірін жақсартатын жобалар сәтті жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Жанат Рашитұлы.

Кандидаттар сөз сөйлегеннен кейін ауыл тұрғындары оларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Кемеңгер тұрғыны Еламан Асылбеков жақында ауылында заманауи спорт кешені салына ма деп сұрады. Бұл сұраққа кандидат Жанат Шұғаев жауап берді. Кемеңгер спортшыларының жетістіктерін атап өтіп, ол алдағы жылдары бұл жоба міндетті түрде орындалатынына уәде берді. Тағы бір Кемеңгер тұрғыны Зарина Өмірзақова ауылдағы су құбырының құрылысы бойынша жоба үшін партия активіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, жақында Кемеңгерде 250 орны бар жаңа бастауыш мектеп ғимараты ашылады. Жанат Рашитұлы алдағы уақытта "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Заря және Новочерноярка ауылдарын толық абаттандыру жоспарланып отырғанын айтты.

Мичурино тұрғыны Юлия Ямпольская аудан орталығы туралы, Ефремовкадан Вера Гейнц - аймақтағы экологиялық жағдай туралы сұрақтарын қойды. Кандидаттар оларға толық жауап берді.

Кездесу соңында Жанат Шұғаев пен Айгүл Нұркина ауыл тұрғындарын келе жатқан мереке - ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Агитационная встреча кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента РК Жаната Шугаева и Айгуль Нуркиной с населением Павлодарского района прошла в режиме онлайн.

Видеоконференция в зуме объединила актив всех сельских округов. Вначале депутаты ознакомили сельчан с основными пунктами партийной предвыборной программы "Путь перемен: достойную жизнь каждому!" Айгуль Кабдушевна проинформировала о приоритетах социального блока, Жанат Рашитович рассказал о масштабных преобразованиях в благоустройстве сёл.

- За два года благодаря государственной поддержке в Павлодарском районе повсеместно видны положительные изменения. Ремонт дорог, строительство водопровода, жилья - успешно претворяются в жизнь проекты, которые улучшают жизнь простых жителей, - подчеркнул Жанат Рашитович.

После выступления кандидатов сельчане смогли задать им интересующие вопросы. Еламан Асылбеков из Кемеңгера поинтересовался, скоро ли в его селе построят современный спорткомплекс. На этот вопрос ответил кандидат Жанат Шугаев. Отметив успех кеменгерских спортсменов, он пообещал, что в ближайшие годы этот проект обязательно будет выполнен. Односельчанка Еламана Зарина Омирзакова поблагодарила партийный актив за проект по будущему строительству водопровода в её селе. Кроме того, в ближайшие дни в Кемеңгере откроется здание новой начальной школы на 250 мест. Жанат Рашитович добавил, что в дальнейшем планируется полное благоустройство сёл Заря и Новочерноярка по программе "Ауыл - ел бесігі".

Жительница Мичурино Юлия Ямпольская задала вопрос о районном центре, Вера Гейнц из Ефремовки - об экологической обстановке в регионе. Кандидаты дали на них исчерпывающие ответы.

В завершении встречи Жанат Шугаев и Айгуль Нуркина поздравили сельчан с наступающим праздником - Днём Независимости РК.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Халықпен үгіт-насихат кездесуі - Yvision.kz