Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Әйел – ана, әйел – батыр, әйел – жар...

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Оған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты басқосуда аудан басшысы А.Сафималиев әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

-Ардақты аналар, аяулы арулар, сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа дәуірде Қазақстанның дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып, гүлденуіне елеулі үлес қосқан қайраткер аналарымызды, апа-қарындастарымызды біз ерекше мақтан етеміз. Бүгінгі таңда әйелдер қауымы қоғамның білім, денсаулық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және басқа да салаларына белсене араласып, тәуелсіз мемлекетіміздің күш-қуатының артуына өз үлестерін аямай қосуда. Сондай-ақ, олар әр шаңырақтың отын маздатып, береке мен бірліктің тірегі болуда. Осындай шуақты мерекеде сіздерге бақыт пен махаббат, еңбектеріңізге табыс, шалқар шабыт пен мол қуаныш, зор денсаулық пен отбасылық бақ-береке тілеймін, - деп аудан әкімі бір топ әйел қауымына өз атынан алғыс хаттар табыстады. Дәлірек айтсақ, еңбек ардагері Самиға Қайырова, мәдениет саласының ардагерлері Бақыт Құбаева, Улия Тұманова, Алтынай Сейіткереева, білім саласының ардагері Меңсұлу Жұмақұлова, жеке кәсіпкер Дәржан Ахметқалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің іс жүргізушісі Светлана Болатова, аудандық білім беру бөлімінің техникалық қызметкері Ақмарал Тінәлиева, аудандық ветеринариялық стансасының есепшісі Үміт Искакова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің техникалық қызметкері Гүлайым Өтепова, аудандық ветеринариялық стансасының фельдшер-қызметкері Жадыра Смағұлова, аудандық мәдениет үйінің мәдени қызмет ұйымдастырушысы Шынар Каюпова, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің техникалық қызметкері Мақпуза Бисекенова, «Илимисов Е.К» ЖК наубайханасында бас наубайханашысы Гүлбаршын Хамзина, аудандық полиция бөлімінің іс жүргізушісі Зарина Жұмағалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Меңдігүл Әмірова. Т.Жароков атындағы орта мектебінің дефектолог және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Насипова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің техникалық қызметкері Светлана Жұмабаева, аудандық жұмыспен қамту орталығының есепші маманы Айнагүл Қошеметова, аудандық ішкі саясат бөлімінің іс жүргізушісі Олеся Пайдина, «Жәнібек» бөбекжайының тәрбиешісі Гүлмира Черкасова, аудандық ветеринариялық стансасының есепшісі Бейнегүл Сұлтанова, Т.Жароков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәсіп Қадырәлиевалар ие болды. Сонымен қатар, жуырда әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өткен болатын. Осы орайда аудан басшысы жеңімпаздарды марапаттады. І орынды А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің командасы алса, ІІ орыннан аудандық білім беру бөлімінің командасы көрінді. Т.Жароков атындағы орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» аталымдары тиісінше Гүлманат Жұмабаева, Күнсұлу Құсайынова және Индира Дияроваға бұйырды. І орын алған А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің командасы жүлдеге тігілген қаржыны мүмкіндігі шектеулі жан Мансұр Қанатқалиға аударды.

Жиын аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

0
0
296

Осы тақырып бойынша