Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық волонтерлар күні

Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялауы еліміздегі еріктілер жұмысына жаңа серпін берді.

⠀Ауданымыздың да белсенді волонтерларының жұмысы көпке үлгі. Пандемия уақытында жақындарына жанашыр болып, қиналғандарға қамқорлық көрсеткендер де осы волонтерлар. Ауданымызда өтіп жатқан шаралардың жоғары деңгейде өтуіне еріктілердің еңбегі зор. Бір топ волонтерларымыз ерекше еңбегі үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатымен", облыстық, аудандық деңгейде марапатқа ие болуда.

⠀Волонтерлық жұмыс бұл ізгі ниет, шын жанашырлықпен жасалатын жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыстарыңызға толағай табыс, креативті жұмыстарыңыз арта берсін дегім келеді. Біз сіздермен мақтанамыз!

0
0
113

Осы тақырып бойынша

Халықаралық волонтерлар күні - Yvision.kz