Халықаралық Мүгедектер күніне орай мүгедектігі бар жандарға арналған турнир өтті
Жер бетінде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Өзіндік өмір жолында күресіп, мойымай келе жатқан ерекше жандарды Халықаралық мүгедектігі бар жандар күнімен құттықтаймын!Үлкен жеңістерге жетіп, биік шыңдарды бағындыра біліңдер!Дендеріңізге саулық, аманшылық, бақыт тілеймін!
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді.
Бұл іс-шара мүгедектігі бар адамдарды қоғам өміріне интеграциялауға назар аударуға бағытталған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.
Бүгін Халықаралық Мүгедектер күніне орай, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының “Кедергісіз келешек” жобасы қолдауымен мүгедектігі бар жандарға арналған турнир өтті.
Облыстық мүгедектер спорт клубында өткен шараға мүмкіндігі шектеулі 40 спортшы қатысуымен үш турнир өтті: есту және көру қабілеті бұзылған спортшылар үшін республикалық турнир, сондай-ақ Дүниежүзілік мүгедектер күніне арналған халықаралық турнир. Шара аясында спортшылар волейбол, шахмат, дойбы және үстел теннисінен бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша, барлық чемпиондар мен жүлдегерлер медальдар және алғыс хаттармен марапатталды.
