Халықаралық мүгедектер күні
Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.
