“Халықаралық мүгедектер күні”
“Халықаралық мүгедектер күні”
Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Жыл сайын Қазақстан Республикасында 3 желтоқсанда “Халықаралық мүгедектер күні” аталып өтеді.
Бұл күн бізге кәсіби шеберлікте, бейнелеу өнерінде, әуесқойлық шығармашылықта, спортта таланттарды танытатын батыл, мықты балалар туралы еске салады. Ол біздің қоғамымызға ерекше қажеттіліктері бар балалардың проблемаларына назар аудару үшін және ерекше рух күшін, мақсатқа ұмтылушылықты, күрделі жағдайларда табысқа жете білуді таң қалдыру үшін өте қажет.

