Халықаралық мүгедектер күні
Халықаралық мүгедектер күні
Бүгін мүгедектердің халықаралық күні. Бұл атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1992 жылы жарияланған болатын.
Біздің елімізде осы бір қамқорлықты қажет ететін жандарға зор қолдау көрсетіліп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына барлық жағдай жасалып келеді.
Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның ортақ міндеті. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан үнемі көңіл бөлініп келеді. Оған дәлел, Мемлекет басшыларының жыл сайынғы Жолдауларында бұл мәселе үнемі көтеріліп отырады
«Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», - деген болатын Елбасымыз өзінің кезекті Жолдауында. Сондықтан да арамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өмірінен тыс қалмай мейілінше ортаға бейімдеу баршамыздың бірлесіп атқарар міндетіміз болмақ.
