Халықаралық мүгедектер күні!
1992 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
Бүгінгі мереке - бұл адамдардың ең қуатты және таза жандарының күні, өйткені олар күн сайын өздерінің дерттерімен, қоғамдық пікірлерімен және беймәлім тағдырымен күреседі!
Біз сіздің ерік-жігеріңіз бен батылдықтарыңыздың алдында тағзым етеміз және сізге көбірек күлімсіреуді, арандатушылыққа берілмей, әр сәттен ләззат алып, жай ғана бақытты болуыңызды қалаймыз!

