Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аясында конференция өтуде.
Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аясында конференция өтуде. «Baq.kz», 27.06.2014ж.
Бүгін Халықаралық есірткі заттарын тұтынуға және олардың заңсыз айналымымен күрес күні сарапшылар мен Орталық және Батыс Азияның сегіз елінің азаматтық қоғамдарының өкілдері «Саясаттан практикаға: Есірткі және адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) байланысты проблемалардың кешенді шешімі» өңірлік конференциясына жиналды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының ҚР ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетімен және Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтаса отырып, ұйымдастырған конференция қатысушыларына есірткі тұтынатын адамдардың денсаулығы мен әлеуметтік қорғау саласында оларға ғылыми негізделген қызметтер ұсыну бойынша жаңа бастамалар туралы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жиында АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша қызметтерге қол жеткізуді кеңейту, есірткі тұтынатын адамдарды шеттету мен кемсітуді төмендету мақсатында денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту сынды мәселелер талқыланады.
