Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық еңбек ұйымының 100 ж. орайластырған халықаралық конф. еңбек болашағы талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумы аясында БҰҰ-ның ең көне мамандандырылған мекемелерінің бірі - Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы департаментінің директоры Грахам Минтон және тағы да басқалары қатысты.

Конференцияны ашқан вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова әлемнің барлық елдері мен халықаралық ұйымдардың күн тәртібінде тұрған еңбек нарығындағы жаһандық сын-қатерлерді атап өтті.

«Бізде Қазақстанда осы тәуекелдерге ден қоюдың жүйелі шаралары қалыптастырылып, жүзеге асырылуда. Құрылымдық реформалар жоспарлы түрде жүргізілуде. Озық халықаралық тәжірибеге жақындау үшін ЭЫДҰ стандарттары енгізілуде», - деді Г. Әбдіқалықова.

Оның айтуынша Үкімет алдында ауқымды міндеттер тұр: 2025 жылға қарай лайықты еңбек ақысы мен қауіпсіз жағдайлары бар 1 млн.астам жұмыс орнын құру. Жаңадан кірген және жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттерінің деңгейін арттыру. Өмір бойы үздіксіз оқыту үлгісіне көшу үшін жағдай жасау.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз кезегінде, Республика ХЕҰ Жаһандық комиссиясының болашақ еңбек саласы мәселесі жөніндегі ұсынымдарын толықтай қолдайтынын атап өтті. Жалпы соңғы 10 жылда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 35% - дан 24% - ға дейін төмендеді, бұл Оңтүстік Корея (25%) және Польша (21%) сияқты елдердегідей көрсеткіш. Министр сондай-ақ еңбек нарығындағы өзгерістерге алып келетін жаһандық сын-қатерлерді атап өтті - бұл 4.0 Индустриясы, жасанды интеллект және робототехника, еңбек ресурстары құрылымындағы демографиялық өзгерістер, жұмыс күшінің инклюзивтілігін арттыру. «Министрлік жаһандық сын-қатерлер мен елде қалыптасқан үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның еңбек нарығының болашағы туралы пайым әзірледі. Халықтың саны 2025 жылға қарай 19,8 млн. - ға дейін немесе 1,6 млн. - ға (2017 жылғы 9% - ға) өседі деп болжануда. Жұмыс күшінің саны 6,7% - ға артып, 9,8 млн.адамды құрайды (2017 жылы 9,0 млн. - дан)», - деді Б. Сапарбаев конференцияда сөйлеген сөзінде.

Ол экономиканы технологиялық жаңғыртуды ескере отырып, 2025 жылға қарай кадрларға деген қажеттілік 570 мыңнан астам адамды құрайтынын атап өтті. Орта және жоғары білікті жұмыс орындарының санын 766 мыңға арттыру көзделіп отыр. Біліктілігі төмен еңбекке деген сұраныс қысқарады. Мұндай жұмыс орындарының саны экономиканың дәстүрлі салаларын жаңғырту есебінен 530 мыңға азаяды.

"Ағымдағы жылы біз 480 кәсіби стандартты әзірлеуді жоспарладық, жалпы, 2020 жылға қарай біз Қазақстан экономикасының барлық негізгі салаларында шамамен 550 кәсіби стандартты бекітеміз", - деді министр.

Конференция барысында аталған тақырыптардың әртүрлі аспектілері бойынша жан-жақты және сындарлы пікір алмасу болды.

Международная конференция, приуроченная к 100-летию одного из старейших специализированных учреждений ООН - Международной организации труда (МОТ) состоялась в рамках XII Астанинского экономического форума в г.Нур-Султан. Участниками конференции стали Заместитель Премьер-Министра РК Гульшара Абдыкаликова, министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев, министр занятости и трудовых отношений Узбекистана Шерзод Кудбиев, Директор Департамента Международной Ассоциации Социального Обеспечения (МАСО) Грахам Минтон и другие.

Открывая конференцию, вице-премьер Гульшара Абдыкаликова отметила глобальные вызовы на рынке труда, стоящие на повестке всех стран мира и международных организаций.

«У нас в Казахстане сформированы и реализуются системные меры реагирования на эти риски. Планомерно проводятся структурные реформы. Для приближения к передовым международным практикам внедряются стандарты ОЭСР», - сказала Г. Абдыкаликова. Она добавила, что перед Правительством стоят масштабные задачи: к 2025 году создать свыше 1 млн. рабочих мест с достойной оплатой труда и безопасными условиями. Повысить уровень навыков и компетенций рабочей силы, как вновь входящих, так и действующих работников. Создать условия для перехода на модель непрерывного обучения в течение всей жизни. Глава Минтруда Бердибек Сапарбаев в свою очередь подчеркнул, что республика всецело поддерживает рекомендации Глобальной комиссии МОТ по вопросу будущего сферы труда. В целом за последние 10 лет в Казахстане доля самозанятого населения снизилась с 35% до 24%, что сопоставимо с такими странами как Южная Корея (25%) и Польша (21%). Министр также выделил глобальные вызовы, которые могут повлечь изменения на рынке труда – это развитие цифровизации и технологий, таких как Индустрия 4.0, искусственный интеллект и робототехника; демографические изменения в структуре трудовых ресурсов; повышение инклюзивности рабочей силы. «Министерством выработано видение о будущем рынка труда Казахстана с учетом глобальных вызовов и складывающихся в стране тенденций. Прогнозируется, что численность населения вырастет до 19,8 млн. к 2025 году или на 1,6 млн. (9% от 2017 г.). Численность рабочей силы увеличится на 6,7% и составит 9,8 млн. человек (с 9,0 млн. в 2017 г.)», - сказал Б.Сапарбаев, выступая на конференции. Он отметил, что с учетом технологической модернизации экономики потребность в кадрах к 2025 году составит более 570 тыс. человек. Предполагается увеличение числа средне- и высококвалифицированных рабочих мест на 766 тысяч. Сократится спрос на низкоквалифицированный труд. Количество таких рабочих мест уменьшится на 530 тыс. за счет модернизации традиционных отраслей экономики. «В текущем году мы запланировали разработку 480 профстандартов, в целом, к 2020 году мы утвердим порядка 550 профессиональных стандартов во всех ключевых отраслях экономики Казахстана», - сказал министр.

В ходе конференции состоялся всесторонний и конструктивный обмен мнениями по самым различным аспектам обозначенных тем.

0
0
290

Осы тақырып бойынша

Халықаралық еңбек ұйымының 100 ж. орайластырған халықаралық конф. еңбек болашағы талқыланды - Yvision.kz