Халық аманатын орындау басты міндет
Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы – облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің басшылығымен партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» фракциясының отырысы өткізілді. Фракция жиналысы онлайн форматта ұйымдастырылып, оған ZOOM платформасы арқылы барлық мүдделі жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен партияның БҚО бойынша аумақтық филиалдарының орынбасарлары қатысты.
Бюрода фракция депутаттары отырысқа қатысушылармен бірге партияның облыс бойынша 14 сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланып, оны Саяси кеңес Бюросының отырысында бекітуді ұсынды. Партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, праймериздің партияішілік сайлауы басталғаннан бері депутаттардың өздері жинаған облыс тұрғындарының аманаттары іске асыру мәселелері көтерілді. Аманаттардың 40% - ы партияның Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы үкімет пен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жалпы еліміз бойынша партияның әр жылға бөлінген негізгі көрсеткіштерін облыстың, қалалардың, аудандардың сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жол карталарын әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды. «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және ел тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты шараларды ұсынады. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасы облыстық депутаттық фракцияның жиналысында талқыланды, ол 21 негізгі көрсеткішке ие және осы көрсеткіштер бойынша 92 іс-шара бекітілген, бекітілді. Әрбір жауапты орындаушы өзіне бекітілген іс-шараны орындау бойынша есеп беретінін атап өту қажет.
Алдағы 2021-2025 жылдары облыста 177 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл ,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашылатын болады. Облыста тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдау азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
@nur_otan @baibekbk @batys_kz @murat.mukayev