Халық алдында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
ҚР Парламент Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлауына да санаулы күндер қалды. Бүгінгі таңда депутатыққа үміткер ретінде тіркелген кандидаттар қала мен аудан ауылдарда кездесулер өткізіп, ҚР Парламент Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлауына да санаулы күндер қалды. Бүгінгі таңда депутатыққа үміткер ретінде тіркелген кандидаттар қала мен аудан ауылдарда кездесулер өткізіп, халық алдында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Жаңабек Жақсығалиев, Мәлік Құлшар, Сәбира Сүндетовалар мен олардың сенімді өкілдері облыс орталығынан ең шалғай орналасқан Бөкей ордасы ауданында түрлі деңгейдегі кездесулер өткізуде.
Бүгін аталған аудан орталығы Сайхин ауылында тұрғындармен өткен кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясының бес жылға есептелген сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ кандидаттар ауылдық жерлерде тұратын халыққа жақсы тұрмыстық жағдай жасау партияның басты мақсаты екендігіне тоқталды. Бес жылдың ішінде көптеген мектептер мен ауруханалар, балабақшалар салынып, ескі ғимараттардың күрделі жөндеуден өтетіндігін айтты. Сонымен қатар жергілікті халықтың жақсы тұрмыс кешуі үшін елді мекендерді таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы интернетпен қамту жоспарланғандығын жеткізді.
Түрлі басқосуларға қатысқан кандидаттар ауыл тұрғындарын алдағы сайлауға тегістей қатысып, «Nur Otan» партиясына және партия атынан сайлауға түскен үміткерлерге дауыс беруге шақырды.