ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшесі Снежанна Имашева Жәнібек ауданына келіп, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, партия жанындағы қоғамдық кеңестерінің мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Мақсат – ел Конституциясына енгізілетін түзетулер жайында айтып, алдағы референдум жөнінде халықтың ойын білу.
Жәнібек ауылының тұрғындарымен кездескен халық қалаулысы Мемлекет басшысының 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты ел Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті. Ауыл тұрғындары референдум хақында сауалдарын жолдап, елдегі реформаға үн қосты. Әсіресе, ауыл ақсақалдары өзіндік ойларын тұшымды жеткізе білді. Халық тарапынан: әйелдердің зейнет жасын азайту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесі төңірегінде сұрақтар қойылды.
Кездесу барысында депутат жергілікті тұрғындарды референдумда белсенділік танытуға және өздерінің азаматтық көзқарасын білдіруге шақырды.
Снежана Валерьевнаның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың өміріне тікелей қатысты және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
#ReferendumAMANAT
0