Халық қалаулысы Күйгенкөлде
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшесі Снежанна Имашева жұмыс сапары барысында Күйгенкөл ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиында депутат Мемлекет басшысының 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты ел Конституциясындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Ауыл тұрғындары депутатқа сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Күйгенкөл ауылының тұрғындары алдағы уақытта оң өзгерістерге сенетіндіктерін жеткізді. Кездесу барысында депутат жергілікті тұрғындарды референдумда белсенділік танытуға және өздерінің азаматтық көзқарасын білдіруге шақырды. #ReferendumAMANAT

