"Халық алғысы"
Берік Сұңғатовтің парақшасынан үзінді:
"Қарғыс алма, алғыс ал" деген қазақ. Бұл алғысты ала отыра, өзім де алғыс білдіретін біршама жандар бар.
Сөздің басын әуелі Алла деп бастағасын, әрине адамдар арасына титтей де болсын дәрежемізді көтерген Аллаһу Тағаламызға сансыз шүкірліктер мен мадақтар болсын!
Анама рахмет! Және де қаламыздағы пандемия кезінде ауруханада шапқылап маңдай терін төгіп қара зілдей кислород баллондарын тасыған ерікті жігіттерге рахмет! Қолымда болса, барлықтарыңызды бір бір медальмен марапаттар едім, әрқайсысыңыз лайықсыздар!
Және де өзім ерікті ретінде қызмет ететін Жаңаөзен қайырымды жандар тобына алғысымды білдіремін! Қаламыздағы мұңайған жандардың, жанұялардың көңілдеріне қуаныш сыйлаған "Жақсылықпен жарысайық" деп ұрандататын бір бөлшек отбасым барына қуанамын.
Ағамды шын жүректен құттықтаймын! Және де Жаңаөзендіктер! "Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу" деп белімді бекемдеп, белсенді ретінде танып, әр ісімді қолдап жүретін халқыма шексіз ризамын! Бұл менің жетістігімнің шыңы емес деп білемін, әрине, қызметім медаль үшін емес шындығында Алланың разылығы мен халқымның қызметі үшін! Жəне де бұл марапатты қатар алған Жаңаөзендік белсенді, қаламыздағы бір шама игі істің басы-қасында жүрген Орынбасар Сейдов."
Құтты болсын, жарайсыңдар жігіттер!
⠀
