Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халыққа жақын» акциясы өткізілді

Азаматтармен кері байланыс орнату үшін 2019 жылдың 6 маусымда ХҚКО Орал қаласының №2 бөлімінде мелмекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б. Исақов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры М. Бассаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р. Ақмырзаев «Халыққа жақын» акциясы шеңберінде кеңес берді.

Шара барысында азаматтар әлеуметтік қамтамасыз ету және мекенжай бойынша тіркелу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

0
0
235

Осы тақырып бойынша

«Халыққа жақын» акциясы өткізілді - Yvision.kz