«Халыққа жақын» акциясы
2019 жылдың 6 маусымда сағат 11:00-13:00 аралығында ХҚКО Орал қаласының №2 бөлімінде мемлекеттік қызмет, көрсетілетін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры М.Бассаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев және «Ақжайық- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева «Халыққа жақын» акциясы шеңберінде азаматтарға кеңес береді.
Өтетін орны: Чагано-Набережная көш., 84 (ХҚКО №2 бөлімі)
Анықтама үшін: 51-01-94, 87026784583
