Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. 4 қаңтар күні Мəжіліс депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы және облыстық маслихатқа кандидаттар А.Қораласбаев, Ш.Мырзалиевпен қоса аудандық маслихатқа кандидат Б.Бабасов, Н.Беркимбаев бірігіп аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, қызметшілермен жəне келушілермен экспромт - кездесу өткізді. Шараның басты тақырыбы - партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы бағдарламаның негізгі тұстарына тоқтала келе, сайлаушылар сауалдарына жауаптар берді.


