«Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізді.
14 желтоқсан күні 10 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына орай «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Нигметов, Е.Сақауов, Б.Рахымгалиев, К.Ермеков аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізді. Атаулы жұмыстар барысында сайлаудың маңыздылығы ескеріліп, еліміздің болашағын қалыптастыру жолында дұрыс таңдау жасауымыз керектігі түсіндірілді.


