Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет көрсету орталығы 2015 жылды қорытындылады

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы 2015 жылды табысты аяқтады.

Қазіргі таңда облыста  16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 2 сектор және 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс атқаруда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары сегіз жыл жұмыс барысында өз дамуында қызметкерлердің кәсіби деңгейінен бастап заманауи инфрақұрылымға дейін үлкен өзгерістерге қол жеткізді.

Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да артуда, мысалы, 2007 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен, қазіргі таңда бұл сан 212  қызметке дейін елеулі өсіп отыр.

Өткен жылы тұтынушыларға  1 550 899  қызмет көрсетілсе,  биыл бұл сан 2 миллион 26 мың 85-ті құрап отыр.  Яғни, биылғы жылы көрсетілген қызмет саны едәуір жоғарылаған. Оның ішінде 1 миллион 450 мың 759 құжат электрондық негізде көрсетілді.

- Биылғы жылы қол жеткен жетістердің бірі- Қордай ауданындағы Отар стансасында халыққа қызмет көрсету секторының ашылуы болды. Мұның алдында ғана дәл осындай сектор Мойынқұм ауданындағы  Шығанақ елдімекенінде де ашылған болатын. Бұл құрылымдар аудан орталығынан шалғайда жатқан  тұрғындар үшін өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Осы секторлар арқылы биыл 14551 құжат қабылданды.   Сонымен қатар Қордай аудандық бөлімінің ғимараты да едәуір кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың барлығы да тұтынушылар игілігіне бағытталған,-дейді «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Данияр Медетбеков.

Сондай-ақ  шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, халықтан 42 706 құжат қабылданды.

Баршаға белгілі, 2013 жылдың 20 желтоқсанында  Тараз қаласында Мамандандырылған ХҚКО өз жұмысын пилоттық режимде бастаған болатын.  Бұл бөлімде де көрсетілетін қызмет саны жыл санап арту үстінде. Биылғы жылы мамандандырылған ХҚКО  арқылы 70936 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, барлық бөлімдерде өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. 2015 жылы ХҚКО арқылы халыққа 162436   электронды цифрлық қолтаңба  берілген. Орталыққа  келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны  474334-ке  жетті. Азаматтарға электрондық Үкіметтің төлем шлюзі арқылы банк карточкасымен мемлекеттік төлемдер төлеу мүмкіндігі ұсынылып келеді. Қазіргі таңда төленген төлем сомасы 83 782 222  теңгені  құрап отыр, ал 2014 жылы төленген төлем сомасы 50 714 298 теңге болған.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының  баспасөз қызметі

     
0
0
659

Осы тақырып бойынша

Халыққа қызмет көрсету орталығы 2015 жылды қорытындылады - Yvision.kz