ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Халыққа қызмет— басты міндет!

«Nur Otan» сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылау жасайды. Бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында NurOtan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

Өздеріңіз білетіндей еліміздің барлық аудандарында, қалалары мен облыстарында жаңа шақырылымдағы мәслихаттардың бірінші сессиялары өтті. «Nur Otan» партиясының фракциялары сайлау қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырып, мандаттардың жалпы санының орташа алғанда 80%-тен астамын құрады.

Жуырда өткен сайлау қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрамы жаңарды. Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. Әр халық қалаулысы өзінің білімін, біліктілігін толық пайдала отырып, халық игілігі жолында еңбек етеді деп сенімді түрде айта аламын. Себебі біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасының негізгі «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасымен келіседі. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан біз, партия атынан сайланған депутаттар халық сенімін толықтай ақтап, бюджет қаражатының толығымен елдің дамуы үшін жұмсалатындығына кепіл боламыз.

Бізд елдің дамуы үшін аянбай еңбек етеміз.

Талғат Жүнісов

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты