«Халыққа көмек» жобасы аясында
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалына Өрікті ауылының тұрғыны Тажибаева Роза қайтыс болған сіңлісінің күйеуі Әкберген Жәнібекке және анасыз қалған 4 баласына қайырымдылық көмек сұрады.Тиісті шаралар қабылданып, Еңбекшіқазақ ауданы VII шақырылым депутаты А.Сайдуллаев Өрікті ауылының тұрғыны Әкберген Жәнібекке өз қаражатынан 200 мың теңге мөлшерінде азық-түлік және киім –кешекпен көмек көрсетті.
