«Халыққа көмек» жобасы
«Nur Otan» партиясының Арқалық қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде «Халыққа көмек» жобасы аясында «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Кулбахыт Омарова, Партия бақылау комиссия мүшесі, «Nur Otan» партиясының Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында сұрақтардың барлығына толық жауаптар қайтарып, тиісті ұсыныстар мен кеңестер берілді.

