ХҚКО-дағы экспромт кездесу
Бүгін Теректі аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер: Мирхат Ибраев, Сержан Идиятов, Әділет Орынбасаров және Нұрсәуле Аткеева аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен және Федоровка ауылдық округінің тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді.
Жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, атқарған іс-шаралар мен жобалар талқыланды.
Әр үміткер партияға келген себебі меналға қойған мақсатын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
