ХҚКО-да өткен дөңгелек үстел

2015 жылғы 12мамыр күніХалыққа қызмет көрсету орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалындаҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойыншаДепартамент қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, қызмет көрсету барысында туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Шара аясында «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері арнайы дайындалған «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» үлестірме материалдарын таратты.
