«Growth vector» (Өсу векторы) жазғы мектебі
«Дарын» қосымша білім беру орталығында 30 шілде мен 2 тамыз аралығында мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа теxнологиялармен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу, «Руxани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, «Назарбаев зияткерлік мектептері» тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатында мектеп басшыларына арналған «Өсу векторы» жазғы мектебі өтті.
Шара барысында мектеп басшыларына кәсіби тұрғыдан даму, озық инновациялық менеджерлер дайындау, білім беру мазмұнын жаңарту, ұстаз танымы, білім берудегі цифрлық сауаттылық, әлеуметтік желідегі ұстаз мәдениеті, тағы басқа мәселелер үйретілді.
ҚР МҚІжСЖҚІҚА БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин мектеп директорларына L&D (лекция-дискуссия) форматында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тренинг өткізді. Қатысушылар топтарға бөлініп, кейсте берілген тапсырма бойынша жобаларын қорғады. Кейстерде өмірлік жағдаяттар, іс-шаралар және тағы басқалар қарастырылған.
