«Growth vector» (Өсу векторы) мектебінің күзгі сессиясы
«Дарын» қосымша білім беру орталығында мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Өсу векторы» мектебінің күзгі сессиясы өтті.
Шара барысында мектеп басшыларының орынбасарларына кәсіби тұрғыдан даму, озық инновациялық менеджерлер дайындау, білім беру мазмұнын жаңарту, ұстаз танымы, білім берудегі цифрлық сауаттылық, әлеуметтік желідегі ұстаз мәдениеті, тағы басқа мәселелер үйретілді.
ҚР МҚІжСЖҚІҚА БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин мектеп директорларының орынбасарларына L&D (лекция-дискуссия) форматында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тренинг өткізді. Қатысушылар топтарға бөлініп, кейсте берілген тапсырма бойынша жобаларын қорғады. Кейстерде өмірлік жағдаяттар, іс-шаралар және тағы басқалар қарастырылған.
