ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» Қоғамдық қоры мен Департамент арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

1

2017 жылы 15 ақпанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» Қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Департамент және Қор ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүддесінде және іскерлік әріптестік атмосферасын құру үшін Қостанай облысындағы барлық санаттағы тұрғындармен әртүрлі іс-шараларды өткізу мәселелері жөніндегі жобаларды әзірлеу үшін өздерінің зияткерлік күші мен мүмкіндіктерін біріктіруге, Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және қарсы іс-қимылға, алдын алуға бағытталған ақпараттық алмасу мен кеңес беруді ұйымдастыруға ниетті.

Осы меморандум шеңберінде қарастырылады: жедел ақпарат алмасу, жұмыс кездесулерін өткізу, бірлескен бағдарламалар әзірлеу, консультативтік-кеңес органдарын, жұмыс топтарын құру, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  күшейтуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, бірлескен іс-шараларда ақпараттық қамтамасыз етуде көмек көрсету, Қор және Департамент базасында бірлескен азаматтарды қабылдау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сыртқы мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік қызметті алушыларға сауалнама жүргізу, сонымен қатар тараптардың құзыреті шегінде ынтымақтастықтың өзге де нысандары.