Үгіт жұмыстарын атқарды
Облыстық мәслихатқа ұміткер Алтынбек Ермекқалиев Жаңақала аудандық мәдениет, кітапхана, мұрағат, жастар ресурстық орталығы ұжымы және тұрғындармен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары мен жалынды жастар өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтып, сенім артатындарын жеткізіп әрі сәттілік тіледі. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қызметкерлерді дауыс беруге шақырды.
