Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге "Абзал" сауда орталығына келіп, қала тұрғындарымен сұхбаттастым.

Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Қарағанды қаласында орналасқан "Абзал" сауда орталығына келіп, қала тұрғындарымен сұхбаттастым. Сұхбат барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үй аулаларына көбірек балалар ойын алаңдары, саябақтар салынып, жасыл желектер көптеп отырғызылса деген ұсыныс жасады. Сонымен қатар мұғалімдердің зейнетке шығу жасы азайтылса, жас мамандарға көңіл бөлуді ұлғайтса деген ұсыныс-пікір білдірді.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын ризашылықпен қабылдаған тұрғындар 10-қаңдарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партияға дауыс беретіндіктерін айтып, сәттілік тіледі.

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге "Абзал" сауда орталығына келіп, қала тұрғындарымен сұхбаттастым. - Yvision.kz