Үгіт насихат жұмыстарын жүргізді
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Бабайқорған ауылының тұрғындарымен кездесті.
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
